Ерте замандарда Көлжайлау деген мекен болған екен. Бұл жердегі аңғарда  ата-бабаларымыз мал шаруашылығымен  айналысып, жаулардан қорған ретінде пайдаланыпты.  Себебі аңғардың оңтүстік-батысында орасан биік қорған дуал болған,  сонымен қатар тұмса табиғаты керемет, жері құнарлы малға да , жанға да жайлы болған. Күндердің күнінде қыс басталып, аңғар тұрғындары қыстауға ауысады.  Сол жылы  табиғат қаһарына мініп: қыс қатаң, суық болып, қар қалың жауады, көктем кезінде  толассыз жауын-шашын жауады , күшті дауыл еседі, жер  сілкінісі орын алады. Әсерінен  қорғаныс қызметін атқарып тұрған дуал қақ ортасынан қиғаш екіге ажырап кетеді , Көлжайлау  суы толасып тасып өзенге айналады. Кейіннен аңғар тұрғындары қайта оралғанда қалқалап тұрған қорғанға ештеңе болмаған сияқтыдай көрінеді. Өйткені алыстан қарағанда  қорған  жабық тұрған дарбазаға ұқсас болады,  ал жақындаған сайын дарбазаның есігі ашыла бастайды. Дарбаза ортасында сарылдап  өзен ағып жатады. Мұны көрген халық аң-таң болады.  Бұл жер бізге әлі де қалқан, қорған бола алады, аңғарға кіретін қорған дарбаза қызметін атқарады деп, бұл жердегі қақпаға  Дарбаза  деп ат қояды. Өзен  де  Дарбаза өзені деген атауға ие болады. Сырттан келген жау бұл жерде үлкен дуал бар деп ойлап, ішке кірмей кетіп қалады. Ал жергілікті халық өзен жағалай ішке кіретін болса аңғарға тап болады. Қорықтың Ақсу сол жағалауында « Кептер ұя» деп аталатын үңгір бар. Үңгірдің басы Ақсуда басталып, шыға беріс жағы Дарбаза жерінде болған. Жаугершілік заманда осы үңгір мен Дарбаза қақпасы халықты өлімнен  қорғап қалған.  Дарбазаның ішіндегі аңғарда Тесік әулие деген , Тастұмсық әулиенің інісі болған. Ол үнемі қобыз тартып отыратын болған. Бұл әулиелі жерге келген тіршілік иесінің барлығы дерттерінен айығып, жазылып кететін болған . Тілек тілеп, ниет еткен жандардың тілектері орындалған.  Дарбаза қасиетті, киелі жер саналады. Оның біз білмейтін, естімеген сырлары қаншама.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылды.
modal