Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде төмендегі қызметкерлер жұмыс атқарады
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі | |
Аға ғылыми қызметкер- мемлекеттік инспектор |
1 |
Ғылыми қызметкер- мемлекеттік инспектор |
3 |
Инженер метеоролог - мемлекеттік инспектор |
1 |
Аға зертханашы - мемлекеттік инспектор |
1 |
Зертханашы - мемлекеттік инспектор |
2 |
Барлығы: |
8 |
Ғылым, ақпарат және мониторинг ғылыми бөлімнің ағымдағы қызметі
Мекемеде ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына және ҚР 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 ЕҚТА Заңының 41 бабына сәйкес жүргізіледі.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі – МТҚ) 2019-2023 жылдарға ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары ҚР Білім және Ғылым министрлігі 2018 жылғы 12 қарашадағы №583-4310/16-4 бұйрығымен келісіліп, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №17-5-6/316 бұйрығымен бекітілген.
Осы жоспар негізінде;
- 6 тақырыптық ғылыми -зерттеу жұмыстары орындалуда.
1.«Ақсу-Жабағылы МТҚ-ның кешенді құбылыстары мен процестерін зерттеу және қорытындыларын, Табиғат жылнамасына енгізу» орындаушы жауапты С.Жуманов.
1.1. Ақсу-Жабағылы қорығының гидрометеорологиялық
жағдайын зерттеу ( метеоролог) орындаушы. Ж.Абилов.
1.2. Қорық аумағындағы эндемик, индикаторлық және сирек кездесетін өсімдіктер қауымдастығына талдау жасау мониторингі (ботаник) орындаушы: С.Жуманов.
1.3. Қорық аумағында омыртқасыз жәндіктердің таралуын бақылау (энтомолог) орындаушы М.Исламов.
1.4.Орнитологиялық мониторинг(орнитолог) орындаушы А.Усипова.
1.5. Ақсу-Жабағылы қорығы аумағында сүтқоректі Марал (Cervus elaphus Severtzov) қауымдастығының жай-күйінің таралуы мониторингі (териолог) тұяқтылар орындаушы: Жунуспаев Б.
1.6. Ақсу-Жабағылы қорығы аумағында жыртқыш сүтқоректілердің жай-күйін зерттеу. (териолог) жыртқыштар орындаушы Жунуспаев Б.
Жұмыс барысындағы нәтижелер:
Барлық дала бақылау-зерттеу жұмыстары қорық аумағында екі бағытта арнайы аудандарда (профильде) жүргізіледі:
1. Профиль Кіші-Қайыңды
2. Профиль Ақсу құз - шатқалы.
3.Қорық аумағы мен қорыққа іргелес аймақтарда.
1.Табиғат жылнамасы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша мониторингтік бақылаулар жылда ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің 18 сәуір 2007 жылғы № 156 бұйрығымен бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі.
Бірінші деңгейдегі мониторинг және фенологиялық бақылауларды ғылыми қызметкерлер экспедиция барысында және маусымдық бақылау кезінде ғылыми жұмыстар жүргізеді.
Екінші деңгейдегі фенологиялық бақылауларды мемлекеттік инспекторлар жүргізіп ай сайын қорықтың ғылыми бөліміне тапсырады. Қорықтың «Табиғат жылнамасы» бір жылдық және бес жылдық кітаптары дайындалып, Комитетке тапсырады.
2. Метеорологиялық бақылау
Қорық аумағында көл, мұздықтар, үлкен ағысты өзендер бар.
Қорық аумағында жауын-шашын мөлшерін анықтау үшін осадкамерлер жауған жаңбыр, қар суларының жиынын көрсететін 4 арнайы тұрақты құралдар орнатылған.
Соңғы жылдардағы ауа-райы көрсеткіші
Жауын
. Қорық аумағында соңғы 1- жылдық салыстырмалы қорытындысы бойынша: Жауған жауын көрсеткіші- 2021 жылы 1 га жерге сіңген ылғал мөлшері – 1872 мм, болса, 2020 жыл 1 га, жерге сіңген ылғал мөлшері - 2230 мм, болған. 2021 жылы 358 мм-ге біршама төмен.Себебі : көтемде жауын аз мөлшерде жаууы, жаз күз айларында құрғақшылық болуы салдарынан.
Қар қалыңдығы. 2021 жылы Жабағылы өзен бойы қар өлшейтін бағыттағы өлшеніп алынған қар жамылғысының орташа көрсеткіші-80 см, болса, 2020 жылы орташа көрсеткіші- 86,2 см, болған. 2020 жылы 6,2 см-ге төмен. Ал Балдыберек өзен бойы қар өлшейтін бағыттағы, өлшеніп алынған қар жамылғысының 2021 жылы орташа көрсеткіші -96,1 см, болса, 2020 жылғы орташа көрсеткіші-120,3 см, болған. Айырмашылығы 24,2см-ге төмен. Себебі: таулы аймақтардың белдеулік биіктікте орналасуына байланысты ерекшеленеді.
Метеоролог- Ж.Абилов
Өзендер. Қорықтағы өзендердің негізгі көздері тау шыңындағы мұздықтар мен қар және жаңбыр сулары. Жабағылы , Ақсу, Балдыберек, Ақсай және Көксай өзендері – арнасын өзгертіп тұрады. 2020 жылмен салыстырғанда -2021 жылы өзен сулары азайған. Себебі: көктем, жаз және күз айлары ауа-райының құрғақшылық болу салдарынан. Көп жағдайда өзендердің жағасына орнатылған өлшегіш қадалар арқылы судың тереңдігі есепке алынды.
Жердің сырғуы. Қорық аумағы белдеулерінде жердің көшуі қалыпты жағдай емес. Оған бірден бір себеп, климаттың өзгешелігінде. Шошқа сазда жылдан-жылға жердің сырғуы,айнакөл көлінің сол жақ бетінің Жабағылы өзеніне қарай опырылуы, Құрғақ сай аңғарының сол жақ бетінде жер көшуінің себебі: көктемде мөлшерден тыс жауынның жаууы, ылғалдың қалыпты жағдайдан жоғары болуы, жер асты суларының көтерілуінен, жер бетінің сырғуы тіркелген.
Қар көшкіні. Жабағылы қар өлшейтін бағыттарындағы - 2021 жылғы мәліметтер бойынша,Талдыбұлақ аңғары, Кіші-қайынды сарқырамадан өткенде сол жақ беткейде, Үлкен қайынды аңғарына жетпей Ізбала оң жақ беткейде және Үлкен- қайынды аңғарында, Үлкен- қайынды ғылыми үйден жоғары 1-ші өзеннің үстіндегі қар қөшкіні:
4528 м3, болса, 2020 жылы қар көшкіні 3218 м3, болған. 2021 жылғы -1310м3-ге төмен. Себебі: Таулы аймақтарда қардың қалың түсуі ауа-райының жылынып қардың суланып түсуі, қар жамылғысының отыруы, салмақтың ауырлауы салдарынан қар қабаты ұстамай, қар көшкіні болып тұрады.
3.Фенологиялық бақылау
Ақсу-Жабағылы МТҚ-ның флорасы қазіргі таңда 1737 түрін құрайды.
Соның ішінде, төменгі сатыдағы өсімдіктердің: саңырауқұлақтар 235 түрі, қыналардың 58 түрі, балдырлар мен мүктердің 64 түрі бар.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер: 1312 түрі өседі,соның ішінде ҚР Қызыл кітабына 48 түрі еңгізілген. Фонды (индикаторлық) өсімдіктердің 14 түрі енгізілген,
Көпжылдық зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе, эндемик өсімдіктердің - 177 түрі, реликты өсімдіктердің – 20 –дан астам түрі өседі.
Барлық коордон инспекторларына арнайы өсімдіктер өсу кезеңін бақылау үшін арнайы фенологиялық бақылау алаңдары жасалынған( 25x25) алаң көлемі, координаттары,өсімдіктердің геоботаникалық тізімдері, бұрыштары темір қадалармен белгіленген)
Жалпы өсімдіктер дүниесіндегі өсіп-өніп, пісіп жетілген (вегатативті) кезеңдегі өзгеше құблыстарына бақылау жасалынады. (өсімдіктердің өсіп-өну мерзімінде)
Сирек, эндемик, реликті және жойылып кету қаіупі бар өсімдіктер түрі
Көпжылдық зерттеу жұмысын қорытындылай келе, сирек,эндемик, реликт және жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің жалпы тізімі жасалынды. Сирек кездесетін өсімдіктердің қорық аймағында 206 түрі, соның 177 түрі эндемик, реликті -22. Жалпы өсімдіктердің өсіп-өнуі орынды.
Өсімдіктердің жемісі мен өнімділігі
Жылдық өнімділігі тікелей ауа-райына байланысты
Жерсіндірілген өсімдіктердің таралуы, өсу кезеңі, өнімділігі
Қорық аумағына жерсіндірілген ағаштар мен бұталы жемісті өсімдіктердің, орны (координаттарын) анықталған.Қорықтың мұрағатындағы «Табиғат жылнамасы» деректерінен алынған мәліметтер бойынша:
Аға ғылыми қызметкер С.Джуманов
4.Энтомологиялық бақылау
Ақсу-Жабағылы қорығында омыртқасыз жануарлардың 19 отрядтан 2124 түрі белгілі. Бақылауға оңай болып табылатын 18 индикаторлық түрі бар, 26 түрі қорықтың Қызыл кітабіна енгізілген.Қорықта ең көп болып саналатын отрядтар: көбелектер- 463 түрі, қосқанаттылар -202 түрі, жарғаққанаттылар -175 түрі, қоңыздар-784 түрі қорықтын этномофаунасы толық зерттелмеген.
Қорық аумағында омыртқасыз жәндіктер түрлері бойынша 2017 – 2021 ж.ж аралығында дала бақылау жұмыстары арнайы екі бағытта жүргізілді: Ақсу құз шатқалы және Кіші Қайынды, онын ішінде әр аудандарда фенологиялық алаңдарда. 2018 жылдан бастап Институт зоология жетекші маманы П.Есенбекова мен бірге қазіргі уақытқа дейін тәжірибе алмасуда.
Жалпы жәндіктердің жыл сайынғы дала бақылау көрсеткіші Табиғат жылнамасымен сараптап қарасақ, саны бір қалыпты азайып, көбейіп кетуіне ешқандай бір себеп жоқ.Сирек кездесетін түрлері бақылау барысында кездесіп тұрды, сонымен қатар Қызыл кітапқа енген түрлері бірнеше түрі қорықтын теңіз денгейінен 1200-3400 м. биіктерде байқалды.
5.Орнитологиялық бақылау
Қорықта құстардың 300 ге жуық түрі мекендейді. 10 –индикаторлы түрі болып бекітілген.
Индикаторлы құстардың соңғы кездегі жағдайы тұрақты. Қазіргі таңда қорық аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың 22 – түрі кездеседі.
Өтпелі және көшпелі кезеңдерде 14 – түрі бар.
Кызыл кітапқа енген және сирек кездесетін құстардың қорықта 8 түрі ұя салады.
ҚР Қызыл кітабына енген құстар санының динамикасы көбеюде.
Өтпелі құстар саны динамикасы көбеюі тұрақты.
Қорық аумағында бағалы шаруашылық құстардың 9 түрі ұя салады.
Бағалы құстар санының көбею динамикасының көрсеткіші жоғары.
Өткен жылдармен салыстырғанда:
Соңғы жылдары бақылау жұмыстары барысында сақалтай, жұртшы, үкі, дыркептер, сарытөс шымшық, арша ементұмсығы құстарының саны азайды.
Құстардың азаю себебі: мекен ету аймақтарында қоршаған ортаның әсері яғни, қыс мезгілінде ауа-райының суық, аяз, қардың қалыңдығы, сонымен қатар жыртқыш құстар мен жыртқыш аңдардың шабуылы, құстардың азаюына әсерін тигізеді.
Жылан жегіш, көкқұс, кекілік, сұр шіл, бөдене, қырғауыл, қара сайрақ, қылғытпа сайрақ, кәдімгі құралай құстарының саны өсті.
Құстардың көбеюіне бірден-бір себеп; антропогендік факторлардың болмауы мен қоректік базаның, жемісті ағаш-бұталардың өнімдерінің пайыздық мөлшерінің жеткілікті болуы. Бақалтақ қыран, қара дегелек, ұлар, бүркіт, барылдауық үйрек, үлкен түркептер, сарғалдақ сұлукеш, арша құралайы, жұмақ шыбыншысы құстары өткен жылмен салыстырғанда саны тұрақты. Ауа-райының қолайлы болуына байланысты, жұмыртқа басып шығуы, балапандарының толық жетілуі, қорек базасының жеткілікті болуы.
6. Териологиялық бақылау
Қорықта сүтқоректілердің 52 түрі бар.Бақылауға жыртқыш аңдардың 14 түрі алынған. Қызыл кітапқа 5 түрі енген, 9 түрі индикторлық.
Жануарлар дүниесі
Қар барысы (Uncia-uncia) саны соңғы жылдары жоғарылауда.
Аю (Ursus arclos isabellinus Horsfield) саны көбеюде.
Сілеусін (Lynx Lynx) 2020жылы бақылау барысында сілеусін саны азаюы байқалды. Себебі қасқыр санының өсуі сілеусіннің көбеюіне кері әсерін тигізуде.
Қасқыр (Canis Lupus L) соңғы жылдары, саны алдағы жылдармен салыстырғанда көбейген, қорек базасы жеткілікті,ауа райы қолайлы .
Ұзынқұйрықты қызыл суыр (Marmota) саны тұрақты, санының жоғары төмен болуы себебі қоршаған ортамен тікелей байланысты (ауа райы салқын және жылуы)топырақтағы паразиттердің молшылығы басым болған жылдары олардың ауырып жойылуына кері әсер байқалады.
Қабан-(Sus scofa) көбейгендігі байқалған.
Сібір елігі-(Capreolus Capreolus) таралуы тұрақты.
Марал (Cervus elaphus Severtzov) жыртқыш (қасқыр) өсу динамикасына әсер етуде.
Тянь-Шань арқары-(Ovis ammon korelini): Соңғы жылдары өсу динамикасы төмендеуде.
Соңғы жылдардағы жарияланған ғылыми мақалалар:
1.Методы повышения эффективности опыления культур защищенного грунта пчелами М. С. Исламов энтомолог, научный сотрудник, Лаззат Оразбаевна Укибаевна магистр биологии, старший предподователь.Таразский государственный университет им.М.Х.Дулати
2.Халықаралық ғылыми – практикалық конференция ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН САҚТАУ. Абай атындағы қазақ ұлттық педогогикалық университеті.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аймағында кездесетін насекомдардың индикаторлық түрлері. Есенбекова П.А.ҚР БҒМ ҒК »Зоология институты»,Исламов М.С. Ақсу-Жабағылы қорығы,6-қараша,2018 жыл.
3.Ақсу-Жабағылы қорығы аймағында кездесетін омыртқасыз жануарлардың Қазақстан қызыл кітабіна енген түрлері.Есенбекова П.А.,Исламов М.С. 2019 ж
4.Фаунистический обзор полужесткокрылых насекомых природного заповедника Аксу-Жабаглы. Укибаева Л.О., Исламов М.С. 1-3 мамыр,2019 жыл
5.Материалы к фауне полужесткокрылых (HETEROPTERA) заповедник Аксу-Жабаглы. Есенбекова П.А., ведущий научный сотрудник,Исламов М.С., научный сотрудник Аксу-Жабаглы
6.Қазақстан золоогия хабаршысы.Ақсу-жабағылы қорығының қаттықанаттылары (COLEOPTERA) фаунасына материалдар.Есенбекова П.А., Исламов М.С.
7.«Фаунистический обзор птиц природного заповедника Аксу-Жабаглы» Аршагуль Баймахановна Усипова – орнитолог, научный сотрудник.
8. Солонцевание у бурого медведя в Аксу-Жабаглинском заповеднике. (Западный Тянь- Шань)
С.С.Кантарбаев, Институт зоологии, Алматы
Б.С.Джунуспаев, заповедник Аксу-Жабаглы , Туркестанская обл.
Журнал Selevinia.2020
9.Population dynamics of two endemic species in Aksu-Zhabagly State Nature Reserve
Vera Cheryomushkina1*, Alexey Astashenkov1 and Smatulla Dzhumanov2
1 Central Siberian Botanical Garden SB RAS, 630090 Novosibirsk, Russia
2 Aksu-Zhabagly State Nature Reserve, Zhabagly, 131610, Kazakhstan
Population dynamics of two endemic species in Aksu-Zhabagly State Nature Reserve
Vera Cheryomushkina1*, Alexey Astashenkov1 and Smatulla Dzhumanov2
1 Central Siberian Botanical Garden SB RAS, 630090 Novosibirsk, Russia
2 Aksu-Zhabagly State Nature Reserve, Zhabagly, 131610, Kazakhstan
* Corresponding author: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
10.Новая находка пресноводной гидромедузы CRASPEDACUSTA SOVERBII в Казахстане. Столбов В.А. КБН, доцент
Шейкин С.Д. Тюменский государственный университет
Джуманов С.Дж. Аксу-Жабаглинский государственный природный заповедник
11. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында маралдың (Cervus elaphus Severtzov) таралуы мен қазіргі жағдайы. Абилов Ф.Б., териолог
Джуманов С.Ж. директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.
12. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығындағы барыстың (Uncia uncial Schreber) кездесуі мен динамикасы
Джуманов С.Ж. , Джунуспаев Б.С., Абилов Ф.Б. – ғылыми қызметкерлер
13.Фаунистический обзор полужестокрылых насекомых природного заповедника Аксу-Жабаглы. Оразбаева Л.У. магистр биологии, старший преподаватель ТарГУ им.Х.Дулати
Ислямов М.С. энтомолог, Аксу-Жабаглинский ГПЗ.
Өзгеде мекемелермен бірлескен жұмыстар:
1. Түркістан және Жамбыл облысы,Шымкент және Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы қорық қызметкерлерімен қорық аумағында тышқантектес кеміргіштердің, сонымен қатар, суырлардың санағын жүргізілді;
2. Алматы қаласындағы «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институті» қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар «Қазақстанда өсетін Juniperus L.. тұқым түрлерінің генетикалық әртүрлілігін зерттеу» жобасы бойынша жүргізілді.
3. Биология ғылымдарының докторы, "Зоология институты" РМК-ның зоология зертханасының қызметкері Перизат Есенбековамен энтомология жөнінде бірлескен шаралар өткізді.
4. «Биотехнология ұлттық орталығы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті мамандарымен жұмыс жасалды.
5. Шымкент қаласы «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің филиалы «Оңтүстік аумақтық пайдалану – техникалық басқармасының қызметкерлерімен жұмыс жасалды.
6.Зологиялық институт (Алексей Грачев, Кантарбаев Санжар Беспалов Максим Беспалов Сергей )
7.Шымкент обаға қарсы күрес станциясы (Абдукаримов Н биолог Енкебаев Д биолог Битеев К биолог)
8.Алматы қорығымен тәжрибе алмастру жұмыстары жүргізілді
жетекші маман Институт зоологии КБН Есенбекова П.А, және Қытай елінен келген энтомолог магистрант студентерімен бірге халықаралық дала бақылау жұмыстары
9.Золоогия институтының мамандарымен бірге омыртқасыз жәндіктерді бақылау бірлескен жұмыс,энтомолог Қадырбеков Рустем, энтомолог Тлеппаева Айжан Дарбаза аңғары