1.Ақсу-Жабағылы қорығы қай жерде орналасқан?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы Түркістан және Жамбыл облыстарымен шектеседі. Қорықтың басқармасы Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында Абай көшесі 34 үйде орналасқан.
2. Қорықтың территориясы жайылымға неге берілмейді?
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 40 - бабының 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетілгендей мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызметтерге тыйым салынған.
3. Қорықта неше экскурсиялық бағыт бар?
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 42- бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 28 сәуір 2008 жылдың № 111 бұйрығымен бекітілген айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде мемлекеттік табиғи қорықтарда реттелмелі экологиялық туризмді өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру ережесінің 18 – тармағына сәйкес 3 сүрлеу және 7 экскурсиялық маршруттарының паспорттары бекітілген:
4. Қорық территориясында палаточный лагерьлер, беседкалар және тамақ пісіретін ошақ – қазан неге қойылмаған?
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
5. Ақсу-Жабағылы қорығында өсімдіктердің неше түрі өседі?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктер дүниесі алуан түрлі, мүктің 63, қынаның 58 -ден астам, балдырдың -64, саңырауқұлақтың 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 20 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.
6. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында жануарларнеше түрі мекендейді?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына - құстың 299, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 мекен етіп, жәндіктердің 2124 түрлері кездеседі.
7. Қандай Халықаралық мәртебеге ие?
2015 жылдың 9 маусымында Париж қаласында ЮНЕСКО –ның «Адам және биосфера» бағдарламасында Халықаралық үйлестіру кеңесінің 27 сессиясында Дүниежүзілік ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген, Қазақстандағы 5-ші резерват атанған «Ақсу-Жабағылы табиғи қорығының Халықаралық мәртебесі бекітілді.
8. Ақсу-Жабағылы қорығының сайты барма?
Ия сайты бар. www.aksu-jabagly.skom.kz
9. Қорық аумағына кіру үшін рұқсат қағазын қалай аламыз?
Қорық аумағына кіру үшін орталық кеңсеге келіп, қаржы бөлімінен тариф бойынша ақша төлеп, арнайы рұқсат қағаз алып, экскурсоводтың жол көрсетуімен барасыздар.
10. Қай мезгілде қорыққа баруға болады?
Жалпы жылдың төрт мезгілінде қорыққа келіп көруге болады. Туристік маусым Наурыз айынан қараша айына дейін.
11. Қорыққа алыстан келген қонақтарға қонатын жер барма?
Ақсу-Жабағылы мемлшекеттік табиғи қорығында 12 адамға жоспарланған қонақүй бар. ( 3 мезгіл тамағы, жатын бөлме, санузел бар).
12. Қорық аумағына экскурсовод – нұсқаушысыз кіруге болама?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына кіру үшін міндетті түрде экскурсовод – нұсқаушының жол көрсетуімен ғана кіруге болады.
13. Қорықтың жер көлемі қанша?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі – 131 934,3 га, екі мемлекетпен – Қырғызстанмен және Өзбекістанмен, сонымен қатар, қорықтың жері Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында және Жамбыл облысының Жуалы ауданынымен шектеседі.
14. Қорықтың экскурсиялық сүрлеуіне бару үшін не істеу керек?
Алдын ала телефон немесе почта арқылы сұраныс қалдыру керек. Содан соң, туризм бөлімінің қызметкерлері Сіздерге жауап береді. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 39 - бабының 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды туристiк және рекреациялық қызметте аптасына лимиттен асырмай турист қабылдаймыз.
15. Сіздерге қалай жетуге болады?
Шымкент қаласынан Кабиско аялдамасынан таксилер Т.Рысқұлов ауылына дейін жүреді, содан соң, такси Жабағылы ауылына орталық кеңсеге алып келеді.
Тараз қаласынан Жансая аялдамасынан таксилер Жабағылы ауылына алып келеді.
Алматы, Нұрсултан қалаларынан поезд Түлкібас станциясына келеді.