Тау жоталарымен және төменгі белдеумен, жаяу, автомобиль және атпен жүру бағыттары. Жолдың бір бөлігі таудың аласа таулы далаларымен, Жетымсайдың төменгі жағалауымен өтеді. Сүрлеу жолында өзен жағалауы тоғайларын ( тал, итмұрын, үшқат т.б.) көруге болады. Ары қарай сүрлеу жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтарын, Зеравшан аршасын, Колпаковский Ирододиктиумын көреміз. Сүрлеу жолында таутекені, Тянь –Шань қоңыр аюын, елікті кездестіруге болады.